Құрамы
Құрамы
100 г кремнің құрамында
белсенді зат - пиритион мырыш 48% 0.42 г
қосымша заттар: изопропилпальмитат (Tegosoft P),
диэтилгексилкарбонат (Tegosoft DЕC), сахароза эфирі (Tegosoft LSE 65К SOFT), полиглицерил 3-метилглюкоза дистеараты (Tego Care 450), абил 8839, глицерил стеараты (Tegin M), стеарил спирті (Tego alkanol 18), метилглюкоцет Е20 (Tegosoft E20), альфа бисаболол, токоферол ацетаты, бутилгидрокситолуол, пропилпарабен, нипагин, глицерин, церамидтер кешені (SK-INFLUX), карбопол, гермабен, Бинеа хош иістендіргіші, натрий гидроксиді, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектер мен 3 жастан асқан балаларға:
- псориазды, атопиялық дерматитті әсіресе жайылған түрлерінде емдеу үшін, қышынуда, тітіркенуде, қабыну реакцияларында және терінің құрғауында (кремнің жоғары ылғалдандыратын қабілеті бар), сондай-ақ атопиялық дерматитте окклюзиялық таңғыштар астында тығыз псориаздық түйіндақтардың және инфильтрацияның қайтуы үшін.
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары
Зақымданған теріге күніне 2 рет жағу керек. Псориаз кезінде емдеу курсы 1-1,5 ай, атопиялық дерматит кезінде 3-4 апта, қалған ауруларда кремді симптомдары толық жоғалғанға дейін қолданады. Кремді патологиялық үдерістің қалған (гиперемия, құрғау, пигменттену, қабыршықтану) белгілері кезінде 1-2 апта бойы қолдану керек.