Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді заттар -
5 мг фрамицетин сульфаты, 0,05 мг грамицидин, дексаметазон (натрий дексаметазон метасульфобензоат түрінде) – 0,5 мг,
қосымша заттар: литий хлориді, натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, фенилэтил спирті, абсолютті этил спирті, полисорбат 80, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- стероидтарға тәуелді көз ауруларын қысқа мерзімдік емдеу үшін, сондай-ақ шығу тегі зеңдік немесе вирустық зақымданулар жоққа шығарылғаннан кейін антибиотиктермен профилактикалық емдеу қажет етілетін кезде
- сыртқы отит.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға немесе көрсетілген кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық
- көздің вирусты, зеңді, іріңді аурулары, көз туберкулезі
- глаукоманың болуы, болжамды түрде герпестік кератиттің болуы, (жергілікті стероидтарды қолданған кезде дендриттік ойық жараның ұлғаюы және көрудің айқын нашарлауына әкелуі мүмкін)
- сыртқы отит, дабыл жарғағының тесілуі жағдайында (отоуыттылық қаупі)
Дозасы
Дозалану режимі
Дозалау
Ересектер (оның ішінде егде жастағы адамдар) және балалар
Көзге: әрбір зақымданған көзге бір немесе екі тамшыдан күніне алты ретке дейін немесе қажет болса, жиірек тамызу керек.
Құлаққа: құлаққа екі немесе үш тамшыдан күніне үш немесе төрт рет тамызу керек.
Құтыны ашқаннан кейін препаратты сақтау мерзімі – 1 ай.
Енгізу әдісі мен жолы
Құлақ және көзге қолдану керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеуді қысқа курспен (7 күннен асырмай) жүргізген жөн.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.