Құрамы
1 г препараттың құрамында:
белсенді зат – 10 мг ивермектин*,
қосымша заттар: глицерин, изопропилпальмитат, цетил спирті, макрогол цетостеарил эфирі, стеарил спирті, сорбитан стеараты, пропиленгликоль, олеил спирті, феноксиэтанол, диметикон 20 сst, карбомер сополимері (В типі), метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, динатрий эдетаты, лимон қышқылы моногидраты, натрий гидроксиді 10% ерітіндісі, тазартылған су
Дозасы
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Бет терісіне тәулігіне бір рет пациентке қолайлы кез келген уақытта 4 ай бойы жағу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Көз, ерін, ауыз, шырышты қабық аймақтарына тигізбей, бүкіл беттің беткейіне бірқалыпты қимылмен жағады.
Кремді тек бет терісіне ғана жағу керек. Препаратты жаққанан кейін қолды жуу керек. Макияжды дәрі толық құрғағаннан кейін жасаған дұрыс.
Емдеу ұзақтығы 3 айдан кейін жақсару болмаған жағдайда емдеуді тоқтату керек. Курс қайталануы мүмкін.