Құрамы
10 мл (= 9.5 г) препараттың құрамында
белсенді зат: «Солекван» ** сұйық экстрактісі 7.9 мл
қосымша заттар: тазартылған су, этанол 96% (10 мл препаратта 1.295 мл).
** - «Солекван экстракт» құрамында кәдімгі сарыраушан шөбінің экстрактісі (1: 1.5-2.1), қазтабан және қырықбуын шөптерінің экстрактілері (4.2: 1.4: 1), экстрагент: этанол 50 % (к/к).
Қолданылуы
Солидагорен ересектерде қолданылады:
- несеп шығару жолдарының қабыну ауруларымен байланысты жеңіл симптомдар кезінде кешенді емдеуде
- несеп шығару жолдарын шаю және бүйректегі шөгінділерді азайту үшін
- бүйректе құм шөгуі және қуықта несеп тастары түзілуі профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық
- (Asteraceae) күрделі гүлді тұқымдас өсімдіктеріне аллергия, өйткені көрсетілген тұқымдас өсімдік препараттың құрамына кіретін өсімдік экстрактісін өндіру барысында пайдаланылады.
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр түрлері, оның ішінде сұйықтықты тұтынуды шектеуді қажет ететін аурулар
- жүрек пен бүйрек қызметін шектеу нәтижесіндегі ісінулер
- эпилепсия
Дозасы
Ересектерге 20-30 тамшы препараттан күніне 3 рет жеткілікті су мөлшерімен қабылдау керек. 30 тамшы 1.4 мл сәйкес келеді.
Ең жоғары тәуліктік доза: 90 тамшы.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді.
Емдеу ұзақтығы
Несеп шығару жолдарын шаюға арналған өсімдік тектес препараттар дәстүрлі түрде 2-ден 4 аптаға дейін қолданылады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.