Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
100 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – натрий цитиколині 10.4500
(10.0000 цитиколинге баламалы),
қосымша заттар: сорбитол 70 % (кристалды сұйық сорбитол), глицерин (глицерол), метилпарагидроксибензоат (нипасол), пропилпарагидроксибензоат (нипасол), глицерин формальдегиді, натрий цитратының дигидраты, натрий сахарині, Понсо 4R бояғышы (Е124), құлпынай хош иістендіргіші 1487-S, калий сорбаты, сусыз лимон қышқылы 50% ерітінді, тазартылған су.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
парасимпатикалық жүйке жүйесінің (кезбе жүйкенің) тонусы жоғарылаған пациенттер
фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
құрамында тыйым салынған Понсо 4R (E124) бояғыштың болуына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Дозасы
1 мл ерітіндінің құрамында 100 мг бар
Ересектер: ұсынылатын доза жағдайының ауырлығына байланысты тәулігіне 500 мг-ден 2000 мг-ге дейін.
Тамақтану кезінде немесе тамақтану арасында дозалау шприцінің көмегімен қабылдау керек. Препаратты сұйылтылмаған қалпында немесе жарты стакан сумен (120 мл) сұйылтып қабылдауға болады.
Әр қабылдағаннан кейін шприцті сумен шаю ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішуге арналған
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Сипатталмаған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.