Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір ампуланың (1.1 г =1.1 мл) ішінде
белсенді заттар:
Aconitum napellus D6
2.20 мг
Amanita muscaria D4
0.55 мг
Ammonium bromatum D4
1.10 мг
Atropinum sulfuricum D6
1.10 мг
Chamomilla recutita D3
0.55 мг
Citrullus colocynthis D4
1.10 мг
Cuprum sulfuricum D6
0.55 мг
Gelsemium sempervirens D6
1.10 мг
Magnesium phosphoricum D6
1.10 мг
Passiflora incarnata D2
0.55 мг
Veratrum album D6
1.10 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер мен 2 жастан асқан балалар:
Жедел жағдайларда 1 ампуланы күніне 3 рет бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне, вена ішіне енгізеді.
Спаскупрель® препаратын дәрігердің кеңесінсіз 1 аптадан артық қолдануға болмайды.
Созылмалы жағдайларда 1 ампуланы аптасына 1-3 рет бұлшықет ішіне, тері астына, тері ішіне, вена ішіне енгізіңіз.
Егер симптомдар жақсарса, қолдану жиілігін азайту керек.
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты Спаскупрель® 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Емдеудің ұзақтығы
Жедел жағдайда бастапқы доза бірнеше күн қолданылуы мүмкін, әдетте 2 күннен 3 күнге дейін (күнделікті инъекциялар). Стандартты емдеу әдетте шамамен 2 апта жалғасады.
Енгізу тәсілі:
Спаскупрель® инъекцияға арналған ерітіндісі тері астына, тері ішіне, бұлшықет ішіне, немесе вена ішіне енгізілуі мүмкін.
Шыны ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:
Мұқият ұстаңыз. Ампуланы ашудың нұсқауларын мұқият орындаңыз. Ампуланы ашу үшін оны кесудің керегі жоқ. Ампуланы нүкте түріндегі таңбасын жоғары қаратып, көлбей қисайтып ұстаңыз, сілкіңіз немесе оны сұйықтық төменгі бөлігіне түскенше шертіңіз. Ампуланың ұшын таңбасына қарама-қарсы жаққа басу жолымен сындырыңыз.