Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар: амилметакрезол – 0.60 мг, 2,4-дихлорбензил спирті – 1.20 мг, аскорбин қышқылы - 33.50 мг, натрий аскорбаты - 74.90 мг (қосындысы 100.00 мг аскорбин қышқылына баламалы);
қосымша заттар: апельсин хош иістендіргіші PHL105288, левоментол, пропиленгликоль, "Күн батар түстес" сары бояғышы (Е110), понсо 4R бояғышы (Е124), шарап қышқылы, сұйық глюкоза, сұйық сахароза.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек туа біткен синдромдары бар пациенттерге;
- 18 жасқа дейінгі балалар (препарат "Күн батар түстес" сары бояғышы (Е110) болуына байланысты)
Дозасы
Ересектер
2-3 сағат сайын 1 таблеткадан баяу сору керек. 24 сағат ішінде 12 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысында сору үшін. Таблетканы ауызда баяу сору қажет.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты симптомдарды жою үшін қажетті ең аз мерзім ішінде ең аз тиімді дозада қабылдау керек.
Препаратты қатарынан үш күннен артық қолдану ұсынылмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препараттың 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны төмендету қажеттілігі жоқ.
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.