Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 512.45 (500.0) мг немесе 768.73 (750.0) мг левофлоксацинге баламалы левофлoксацин гемигидраты,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 102, повидон К-30, кросповидон, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
қабықтың құрамы: Opadry 03B84681 қызғылт [гипромелоза (E 464),
полиэтиленгликоль/макрогол, темірдің (III) қызыл тотығы (E 172), темірдің (III) сары тотығы (E 172), титанның қостотығы (E 171)].
Қолданылуы
ТАЙГЕРОН® левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан келесі инфекцияларды емдеу үшін ересектерде қолдануға көрсетілген:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойықжарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу
Төменде атап көрсетілген инфекциялар үшін ТАЙГЕРОН® әдетте осы инфекцияларға бастапқы ем ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мүмкін еместігі негізделген жағдайларда ғана қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит
- созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісті қолдану бойынша ресми нұсқауларды орындау қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- левофлоксацинге немесе басқа хинолондарға немесе кез келген аса жоғары сезімталдық
- эпилепсия және құрысу шегі төмен орталық жүйке жүйесінің басқа да зақымдануы
- анамнезінде хинолондарды қолданумен байланысты сіңірлердің зақымдануы
Дозасы
ТАЙГЕРОН® 500 мг таблеткаларын ішке тәулігіне бір немесе екі рет қабылдайды. Дозалар инфекцияның сипаты мен ауырлығымен, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығымен анықталады. Қолдану жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтаған жөн, өйткені өзге жағдайда ТАЙГЕРОН® талапқа сай емес әсер туғызуы мүмкін. Бүйрек функциясы қалыпты немесе орташа төмендеген науқастарға (креатинин клиренсі >50 мл/мин.) препаратты дозалаудың мынадай режимін ұсынуға болады:
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.