Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
5 мл суспензияның құрамында
белсенді зат - 250.00 мг парацетамол,
қосымша заттар: авицел RС 591, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 7 HOF, рафинадталған қант, глицерин, сорбитол 70%, натрий сахарині, лимон қышқылы моногидраты, натрий метилпарабені, натрий пропилпарабені, натрий цитраты, апельсин хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Дәрілік препарат келесі жағдайларда қолдануға арналған:
- тұмау және суық тию аурулары кезіндегі және вакцинациядан кейінгі қызба
- әртүрлі генездегі төмен және орташа қарқындылықтағы ауыру синдромында (оның ішінде бас ауыруы, тіс ауыруы, құлақ ауыруы және тамақ ауыруы)
Дозасы
6-12 жас:
Жасы
Бір реттік доза (мл)
Қабылдау жиілігі (24 сағат ішінде)
6 жасқа толмаған
Ұсынылмайды
Қолданылмайды
6-8 жас
5 мл
4 рет
8-10 жас
7,5 мл
4 рет
10-12 жас
10 мл
4 рет
24 сағат ішінде 4 дозадан артық қабылдауға болмайды.
Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмау керек.
Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз 3 күннен артық қолдану ұсынылмайды.
12-16 жастағы балалар: күніне 4 ретке дейін 10-15 мл.
Ересектер мен 16 жастан асқан балалар: күніне 4 ретке дейін 10-20 мл.
Енгізу әдісі және жолы
Тек ішке қабылдауға арналған.
Қолданар алдында құты ішіндегісін жақсылап шайқау керек.