Құрамы
Бір сашенің ішінде
белсенді заттар: 10 мг фенилэфрин гидрохлориді,
20 мг фенирамин малеаты,
50 мг аскорбин қышқылы,
500 мг парацетамол
қосымша заттар: лимон хош иістендіргіші, сукралоза, сусыз лимон қышқылы, сусыз натрий дигидроген цитраты, макрогол 8000 (микрондалған полиэтиленгликоль 8000), маннитол SD 200, D&C Сары №10 (Е 104).
Қолданылуы
- Танфлекс С ыстық сусын тұмауда, суық тиіп ауырғанда және синуситте мұрынның бітелуі, бас ауыруы, қызба, дененің ауыру симптомдарын жеңілдету үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың әсер етуші заттарына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылуы (бауыр циррозы және асцит)/жедел гепатит немесе бауырдың белсенді декомпенсацияланған аурулары
- бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі <30 мл/мин)
- тұқым қуалайтын конституциональді гипербилирубинемия (Меуленграхт ауруы)
- жүрек және қан айналымы жүйесінің ауыр аурулары
- гипертония
- феохромоцитома
- гипертиреоз
- қуық асты безінің несеп қалдығы түзілетін қатерсіз гиперплазиясы
- гемолиздік анемия
- жабық бұрышты глаукома
- алкогольді шамадан тыс пайдалану
- МАО тежегіштерімен бір мезгілде емдеу немесе алдындағы 2 апта бойы емдеу
- трициклды антидепрессанттармен қатарлас емдеу
- β-адреноблокаторлармен қатарлас емдеу
- басқа симпатикомиметиктермен бір мезгілде емдеу
- эпилепсиясы бар науқастар
- жүктілік
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Ересектерге (егде жастағыларды қоса) әрбір 6 сағат сайын 1 сашеден қабылдау ұсынылады. Қабылданатын сашелердің ең жоғары мөлшері күніне 4-тен аспауы тиіс. 7 күннен көбірек қабылдағанда тиімділігі болмаған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Танфлекс С тек пероральді түрде қолдануға арналған.
Сашенің ішіндегісін стаканға салып, ыстық суда араластыру арқылы еріту және ыстықтай ішу керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.