Құрамы
Бір таблетка құрамында
белсенді зат - 1 мг клемастинге баламалы 1.34 мг клемастин
гидрофумараты
қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, тальк, повидон, магний стеараты.
Қолданылуы
- пішен қызбасы және басқа аллергиялық риниттер
- дермографизмді қоса, шығу тегі әртүрлі есекжем
- қышыну, қышынумен жүретін дерматоздар
- жедел және созылмалы экзема, жанаспалы дерматит
- дәрілерге аллергия
- жәндіктердің шағуы
Қарсы көрсетілімдер
- клемастинге және химиялық құрылымы ұқсас басқа антигистаминдік препараттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- порфирия
- дәрілік препараттың құрамында лактоза болуына байланысты сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 6 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды тамаққа дейін, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдау керек.
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға таңертең және кешке 1 таблеткадан (1 мг) тағайындайды. Жазылуы қиын жағдайларда, тәуліктік доза 6 таблеткаға (6 мг) дейінді құрауы мүмкін. Дәрігердің кеңесінсіз 24 сағат ішінде 6 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.
6-12 жас шамасындағы балаларға таңғы ас алдында және түнге 1/2-1 таблеткадан тағайындайды.
Ұсынылған дозаны арттыруға болмайды.
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 14 күннен артық қабылдауға болмайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.