Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар – D-глюкозамин гидрохлориді 500 мг, натрий хондроитин сульфаты 400 мг;
қосымша заттар – желатин, стеарин қышқылы, магний стеараты, марганец сульфаты.
Қолданылуы
- остеоартрит
- остеопороз
- иық-жауырын периартриті
- остеохондроз, омыртқа бағанының дегенеративті-дистрофиялық аурулары
- спондилез
- тізетобық хондромаляциясы
- сынуларда (сүйек шоры түзілуін жылдамдату үшін)
12 жастан асқан балаларға, ересектерге, егде жастағы пациенттерге, тірек-қимыл аппаратының ауруларын, жарақаттан кейінгі және буын шеміршегі тіндерінің дегенеративті-дистрофиялық өзгерістермен қатар жүретін басқа жай-күйлері кешенді емі құрамында ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары жеке сезімталдық (аллергиялық реакциялар)
- фенилкетонурия
- жүктілік, лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға алғашқы үш аптада 1 капсуладан тәулігіне 3 рет тамақтан кейін тағайындайды; одан кейінгі күндері –1 капсуладан тәулігіне 2 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау үшін.
Емдеу ұзақтығы
Қабылдаудың ең аз курсы 2 айды құрайды. Емдеу курстары 3 ай аралықпен немесе дәрігердің келісімі бойынша қайталанады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.