Құрамы
Бір грамм кремнің құрамында
белсенді заттар: хондроитин натрий сульфаты 50 мг, мелоксикам 10 мг;
қосымша заттар: диметилсульфоксид, пропиленгликоль, макрогол цетостеарил эфирі, цетостеарил спирті [цетил спирті 60 % артық емес, стеарил спирті 40 % кем емес], сұйық парафин, вазелин, имидомочевина, натрий дисульфиті, cу.
Қолданылуы
Тірек-қимыл аппаратының дегенеративті-дистрофиялық ауруларының кешенді емі құрамында:
остеоартроз
омыртқа бағанының остеохондрозы; ауыру синдромымен қатар жүретін буынның өзге аурулары.
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді затына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға аса жоғары сезімталдық;
препаратты жағу аймағындағы тері жабындысының тұтастығының бұзылуы;
12 жасқа дейінгі балалар;
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: кремнің 1-ден 5 см дейінгі жолағын ақырын уқалай отырып, күніне 2-3 рет жағады. Препараттың қажет мөлшері ауыратын аймақтың көлеміне байланысты. Препаратты жаққанан кейін қолды мұқият жуу қажет. Емдеу курсы көрсетілімдерге және анықталған әсеріне байланысты. Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңесу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Препаратты бүйрек және бауыр функциясы бұзылған, асқазан-ішек жолының айқын патологиясы (өршу фазасындағы ойық жара ауруы), қан жүйесінің айқын патологиясы бар пациенттерге, сондай-ақ егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 2-3 рет.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 2 апта пайдаланғаннан кейін дәрігермен кеңесу керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.