Құрамы
Дәрілік заттың 1 таблеткасы құрамында:
белсенді зат - 100 % затқа шаққанда тиазот қышқылының морфолин тұзы – 200 мг, ол 133 мг тиазот қышқылына баламалы.
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, қант-ұнтақ, микрокристалды целлюлоза, кальций стеараты.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз), жүрек аритмиясы;
этиологиясы алуан түрлі созылмалы гепатиттер (оның ішінде алкогольдік гепатит), бауыр циррозы.
Қарсы көрсетілімдер
Тиотриазолинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық;
бүйрек жеткіліксіздігі;
Дозасы
Тұрақты жүктемелік стенокардия кезінде Тиотриазолин ішке 200 мг тәулігіне 3 рет тағайындалады. Емдеу курсы - 8 апта.
Тыныштық күйдегі стенокардия, миокард инфарктісі, инфарктен кейінгі кардиосклероз кезінде Тиотриазолин ішке 200 мг тәулігіне 3 рет 20-30 күн бойы тағайындалады.
Жүрек ырғағы бұзылған кезде Тиотриазолин ішке 200 мг немесе тіл астына тәулігіне 3 рет тағайындалады.
Бауыр аурулары кезінде Тиотриазолин ішке 200 мг тәулігіне 3 рет 20-30 күн бойы тағайындалады.
Емдеу курсының ұзақтығын ауырлығына және ауыру ағымына қарай дәрігер жекелей белгілейді.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.