Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: лидокаин гидрохлориді – 1.00 мг,
хлоргексидин диглюконаты – 1.00 мг,
тиротрицин** – 0.50 мг
қосымша заттар: сорбитол, магний стеараты, бұрыш жалбызы майы.
Қолданылуы
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың қабыну және инфекциялық ауруларында (стоматит, гингивит, пародонтит, глоссит, тонзиллит, фарингит және қиналып жұтумен қоса жүретін басқа да жай-күйлер)
- ауыз қуысына және жұтқыншаққа жедел араласуға дейінгі және кейінгі инфекцияларлардың профилактикасында (тістердің экстракциясы, қызыл иектерді хирургиялық емдеу, тонзиллэктомия).
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
-препараттың кез келген ингредиентіне жоғары сезімталдық.
-ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануы (эрозия және десквамациялық өзгерістер).
-ауыз және фарингеальді қуыстардың ашық жаралары.
-6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Дозалану режимі
Трахисан - соруға арналған таблеткалар – әрбір 2 сағат сайын бір таблеткадан қабылдау керек. Ересектерге және 12 жастан асқан балалар үшін тәуліктік доза - 8 таблетка, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар үшін - 6 таблетка.
Енгізу тәсілі және жолы
Пероральді, сору керек.
Емдеу ұзақтығы
Ауру симптомдары бірнеше күннен кейін жоғалады, алайда тұрақты емдік нәтижеге қол жеткізу үшін емді тағы 2-3 күнге жалғастыру ұсынылады. Егер препаратты қолданғаннан кейін 10 күннен соң жағдай жақсармаса, дәрігермен кеңесу керек.
Егер дәрігердің немесе тіс дәрігерінің басқа көрсетілімі болмаса, Трахисан таблеткаларын, үздіксіз 2 аптадан артық қолдануға болмайды.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.