Құрамы
100 г жақпамайдың құрамында
белсенді заттар:
Arnica montana D3
Calendula officinalis (
Hamamelis virginiana (
1.500 г
0.450 г
0.450 г
Echinacea (
0.150 г
Echinacea purpurea (
0.150 г
Chamomilla recutita (
0.150 г
Symphytum officinale D4
0.100 г
Bellis perennis (
0.100 г
Hypericum perforatum D6
0.090 г
Achillea millefolium (
0.090 г
Aconitum napellus D1
0.050 г
Atropa bella-donna D1
0.050 г
Mercurius solubilis Hahnemanni D6
0.040 г
Hepar sulfuris D6
0.025 г
қосымша заттар: эмульгацияланған цетостеарилді спирт (А типі), сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин, тазартылған су, 96 % спирт 94 % спиртке (м/м) сәйкес келеді.
Қолданылуы
- спорттық және тұрмыстық жарақаттарда (созылу, буынның шығуы, гематома, гемартроз, сынулар)
- тірек-қимыл аппаратының қабыну, микрожарақаттық және дегенеративтік үдерісінде (тендовагинит, иық-жауырындық периартрит, бурсит, ұршық буыны артриті, тізе буындары және саусақ пен табан буындары артриті)
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді заттарына (кәдімгі мыңжапырақ, дәрілік түймедақ, дәрілік тырнақгүл, көпжылдық дәстүргүл, эхинацея, тау арникасы немесе күрделі гүлдер тұқымдас басқа өсімдіктер) немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- эмульгацияланған цетостеарилді спиртке жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектерге және балаларға 1 жастан бастап жақпамайды жарақат немесе қабынған жерге жұқалап тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) жағады. Жедел жарақат кезінде – тәулігіне 5-6 ретке дейін. Сондай-ақ жақпамайды таңғыштың астына жеңіл қимылмен ысқылауға немесе таңғыш астына жағуға болады. Емдеу курсы 2-4 апта.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 2 рет, таңертең және кешке
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.