Құрамы
100 г кремнің құрамында
белсенді зат: 1.0 г изоконазол нитраты
0.1 г дифлукортолон валераты,
қосымша заттар: натрий эдетаты, полисорбат 60, сорбитан стеараты, цетостеарилді спирт, сұйық ауыр парафин, ақ жұмсақ парафин, тазартылған су.
Қолданылуы
- тегіс тері бетінің немесе шаштың зең инфекцияларын емдеу (дерматофития, кандидоз, кебекті теміреткі). Травокорт® әсіресе терінің қабынбалы немесе экзема тәрізді симптомдарымен бірге жүретін микоздарды емдеу үшін тағайындалады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсерлі затқа немесе қосымша заттардың кез келген түріне аса жоғары сезімталдық
- препаратты жаққан жерлерде терінің туберкулездік, мерездік, вирустық (желшешек, құрсау теміреткі) зақымдануы
- препаратты жаққан жерлерде розацеа, периоралдық дерматит және терінің вакцинациялаудан кейінгі реакциялары
Дозасы
Травокорт® терінің зақымданған жерлеріне, егер басқасын емдеуші дәрігер тағайындамаса, күніне 2 рет жағылады.
Емдеу ұзақтығы
Травокорт® препаратымен емдеуді қабыну процесі кейін немесе экзематозды бөртпе қайталанғаннан кейін немесе ең жоғары 2 апталық емдеуден кейін тоқтату керек. Қажет болған жағдайда терапия стероид емес зеңге қарсы препаратпен жалғасуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.