Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: метронидазол 500 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон, кросповидон, коллоидты кремнийдің қостотығы, стеарин қышқылы.
Қолданылуы
Трихомонадтық және спецификалық емес вагиниттерді жергілікті емдеу.
Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды ескеру керек.
Қарсы көрсетілімдер
метронидазолға, 5-нитроимидазолдың басқа туындыларына немесе қандай да бір қосымша затына аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дозалау режимі:
Тек ересектерге арналған.
Трихомонадтық вагинит кезінде:
бір мезгілде ішке қабылдаумен бірге тәулігіне 1 қынаптық таблеткадан 10 күн бойы.
Спецификалық емес вагинит кезінде:
тәулігіне 1 қынаптық таблеткадан 7 күн бойы, қажет болған жағдайда препаратты ішке қабылдаумен үйлестіріп.
Жыныстық серіктесін аурудың клиникалық белгілерінің бар-жоғына қарамастан, бір мезгілде емдеу міндетті болып табылады.
Метронидазолмен емдеу 10 күннен артық тағайындалмауы тиіс және жылына 2-3 реттен жиі қайталанбауы тиіс.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.