Құрамы
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: парацетамол 250,0 мг
сусыз кофеин 30,0 мг
пропифеназол 150,0 мг
қосымша заттар: крахмал, метил парабен, пропил парабен, желатин, кальции дигидратының қоснегізді фосфаты, этил целлюлоза, изопропил спирті, тазартылған су,
майлауға арналған толтырғыштар: микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, кремнидің коллоидтық диоксиді, гликолят натрий крахмалы, кальций дигидратының қоснегіздік фосфаты бар.
Қолданылуы
тегі әр түрлі айқындығы орташа ауырсыну синдромында (бастың ауыруы, тіс ауыруы, дисменорея)
операциядан кейінгі ауырсынуда
ревматикалық ауырсынуда
суық тию және басқа жұқпалы-қабынбалы аурулар кезіндегі қызбада
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттеріне сезімталдықтың жоғары болуы
бауыр мен бүйрек қызметінің айқын бұзылулары
глюкозо-6-фосфатдегидрогеназаның генетикалық түрде болмауы
қан аурулары
жүктілік және емізу кезеңі
глаукома
аса қозғыштық, ұйқысыздық
артериялық гипертензия
жүрек-тамыр жүйесінің органикалық аурулары (соның ішінде атеросклероз кезінде)
6 жасқа дейінгі балаларға
Дозасы
Қолдану тәсілдері және дозасы
Препарат ас ішкен соң, ішке қабылданады.
Ересектерге: күніне 1 немесе 2 таблеткадан.
6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға: күніне 1 таблеткадан.
Емдеудің ұзақтығы – 5 күннен көп емес.