Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - белсендірілген көмір 250 мг
қосымша зат - картоп крахмалы
Қолданылуы
шығу тегі әртүрлі экзогендік және эндогендік уыттануларда уытсыздандыратын дәрі ретінде қолданылады;
тағамдық токсикоинфекцияларды, сальмонеллезді, дизентерияны кешенді емдеуге;
дәрілік препараттармен (оның ішінде психотроптық, ұйықтататын, есірткілік дәрілермен), алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен және басқа да улармен уланғанда;
диспепсиямен, метеоризммен қатарласа жүретін асқазан-ішек жолының ауруларында
тағамдық және дәрілік аллергияларда;
гипербилирубинемияларда (вирус гепатиті және басқа да сарғаюлар);
гиперазотемияда (бүйрек жеткіліксіздігі);
ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер алдында ішекте газдың түзілуін азайту үшін
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
асқазан-ішек жолының ойық жаралы зақымдануы (оның ішінде асқазан мен он екі ішектің ойықжаралы ауруы, спецификалық емес ойықжаралы колит);
асқазаннан қан кету;
ішек атониясы;
әсері сіңгеннен кейін дамитын (метионин және т.б.) уытқа қарсы заттарды бір мезгілде тағайындау;
3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектерге орта есеппен 1000-2000 мг (4-8 таблетка) тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Ересектерге арналған ең жоғары бір реттік доза 8000 мг дейін (32 таблетка).
Балаларға препаратты дене салмағына байланысты орташа есеппен тәулігіне 3 рет 0,05 г/кг есебінен тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза-дене салмағына 0,2 г/кг дейін.
Жедел ауруларда емдеу курсы – 3-5 күн, аллергия және созылмалы аурулар кезінде – 14 күнге дейін. 2 аптадан кейін дәрігердің ұсынымы бойынша қайталап емдеу курсы.
Жедел уланғанда емдеуді асқазанды жуудан белсендірілген көмір қоспасын пайдалана отырып бастайды, содан кейін ішке қабылдауға 20-30 мг препаратты береді.
Метеоризм кезінде ішке 1000-2000 мг (4-8 таблетка) тәулігіне 3-4 рет тағайындайды. Емдеу курсы 3-7 күн.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке таблеткада немесе алдын ала ұсақтағаннан кейін, су жүзіндісі түрінде, бір сағат тамақтан бұрын және басқа дәрілік заттарды қабылдағаннан кейін қолданады. Препараттың қажетті мөлшерін 1/2 стакан суға ерітеді.
6 жасқа дейінгі балаларға және жұтынуы қиын басқа пациенттер үшін алдын ала ұсақтағаннан кейін тек сулы суспензия түрінде қабылдаңыз.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.