Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - Стандартталған ОМ-89 60,0 мг лиофилизаты, 6,0 мг лиофилизацияланған бактериялық лизатқа 18 Escherichia coli сәйкес.
қосымша заттар: сусыз пропилгаллат, сусыз натрий глютаматы, маннитол, желатинделген крахмал, магний стеараты;
қабықтың құрамы: темірдің (III) қызыл тотығы (Е 172), темірдің (III) сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, желатин;
корпуста: темірдің (III) сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су, желатин.
Дозасы
Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға.
Инфекциялар профилактикасы және емі: таңертең ашқарынға күніне 1 капсуладан 3 ай бойы.
Жедел инфекцияларды емдеу үшін: симптомдар толық жоғалғанға дейін дәстүрлі бактерияға қарсы қосымша ем ретінде 10 күннен асырмай күнделікті таңертең ашқарынға 1 капсуладан. Емдеу ұзақтығын немесе емдеу курсын қайталап тағайындауды науқастың денсаулығына қарай дәрігер анықтайды.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат пероральді қолдануға арналған.
Балалар және жасөспірімдер
4 жастан кіші балаларға Уро-Ваксом препаратын қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Бауыр / бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Уро-Ваксомды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жоқ.