Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 100 мг фурагин,
қосымша заттар: лактоза моногидраты; кремделген микрокристалды целлюлоза PROSOLV® SMCC 90, құрамы:
микрокристалды целлюлоза 98%, кремнийдің сусыз коллоидты қостотығы 2%, кремнийдің коллоидты қостотығы, стеарин қышқылы, магний стеараты, кремнийдің сусыз коллоидты қостотығы, натрий крахмалы гликолятының А типі.
Қолданылуы
несеп шығару жолдарының жедел және созылмалы инфекциялары (пиелонефрит, цистит, уретрит), және қуық асты безінің (простатит), операциядан кейінгі несеп шығару жолдарының инфекциясы (операциядан кейінгі пиелонефрит, цистит, простатит);
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттың кез келгеніне, немесе нитрофуран туындыларына жоғары сезімталдық
бүйрек функциясының жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына60 мл-ден аз немесе креатиннің деңгейі жоғары)
полиневропатия (соның ішінде диабеттік);
глюкозо-6-фосфат тапшылығы
Дозасы
Дозалану режимі
Дозалануы
Ересектер:
Алғашқы күні қолдану: тәулігіне дозасы 4-ке бөлінген 400 мг; кейінгі күндері: тәулігіне дозасы 3-ке бөлінген 300 мг. Емдеу әдетте 7-8 күнге созылады.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.