Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат - урсодезоксихолий қышқылы, 500 мг
қосымша заттар:
ядро: жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты;
қабық: опадрай ақ (03В28796): гипромеллоза 6, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 400, тазартылған су.
Қолданылуы
- Өт қабындағы холестериндік өт тастарын еріту. Өт тастары рентген түсірілімдерде көлеңке сияқты бейнеленбеуі және олардың диаметрі 15 мм аспауы тиіс. Өт қабы функционалдық қабілетін өт тастары болған кезде де сақтауы тиіс.
- Декомпенсацияланған бауыр циррозының болмау шартымен бастапқы билиарлық холангитті (ББХ) симптоматикалық емдеу.
Балалар популяциясы
- 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларда кисталық фиброз (муковисцидозда) кезінде гепатобилиарлық бұзылыстар.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (урсодезоксихолий қышқылы (УДХҚ)), басқа өт қышқылдарына немесе 6.1-бөлімде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- өт қабының немесе өт жолдарының жедел қабыну аурулары
- өт жолдарының бітелуі (жалпы өт жолының немесе өт қалтасы жолының бітелуі)
- өт шаншуларының жиі ұстамалары
- рентгенконтрастылы ізбестелген өт тастары
- өт қабының жиырылу қабілетінің бұзылуы
- 6 жасқа дейінгі балалар
Балалар популяциясы
- сәтті нәтижеге әкелмеген немесе егер өт жолдарының атрезиясы бар балаларда жеткілікті өт ағымы қалпына келтірілмеген портоэнтеростомия
Дозасы
Холестериндік өт тастарын еріту үшін препараттың орташа тәуліктік дозасы 10 мг/кг құрайды, бұл төмендегіге сәйкес келеді:
Дене салмағы, кг
УРСОСАН® ФОРТЕ 500 мг таблеткалар саны
60 дейін
1
61- 80
1 ½ таб.
81-100
2
100-ден астам
2 ½ таб.
Бастапқы билиарлық холангитті (ББХ) симптоматикалық емдеу
Тәуліктік доза дене салмағына байланысты және 1 ½-ден 3 ½ таблеткаға дейін құбылып отырады (дене салмағының 1 кг-на 14 ± 2 мг УДХҚ).
Алғашқы үш ай емдегенде УРСОСАН® ФОРТЕ препаратын күні бойы қабылдауға бөлу керек. Бауыр сынамаларының мәндері жақсарғанда тәуліктік дозаны күніне бір рет кешке қабылдауға болады.
Дене салмағы
(кг)
Тәуліктік доза (дене салмағына мг/кг)
УРСОСАН® ФОРТЕ 500 мг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.