Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - микрондалған прогестерон 100 мг немесе 200 мг,
қосымша заттар: соя лецитині, күнбағыс майы,
капсула қабығының құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), тазартылған су.
Қолданылуы
Прогестерон-тапшылықты жағдайлар.
Пероральді енгізу жолы
Гинекологиялық:
Прогестерон жеткіліксіздігімен байланысты бұзылулар:
- етеккір алдындағы синдром
- дизовуляциямен немесе ановуляциямен етеккір оралымының бұзылуы
- қатерсіз мастопатия
- пременопауза
- менопауза емі (эстрогенмен емге қосымша)
- лютеиндік жеткіліксіздік салдарынан бедеулік.
Акушерлік:
- Анықталған лютеиндік жеткіліксіздікке байланысты түсік түсу қаупі немесе дағдылы түсік түсудің алдын алу
- Мерзімінен бұрын босану қаупі
Қынаптық енгізу жолы
- гипофертильділік, ішінара немесе тотальді лютеиндік жеткіліксіздікпен (дизовуляция, in vitro ұрықтандыру барысында лютеиндік фазаны демеу, ооциттер донорлығы) байланысты бастапқы немесе салдарлы бедеулік
- ерте түсік түсу қаупі немесе лютеиндік жеткіліксіздікке байланысты дағдылы аборттардың алдын алу
- жүктіліктің 16 мен 24 апталары (аменореяның 18 мен 26 апталары) арасында өлшенген жатыр мойны қысқа ≤25 мм қауіп тобындағы әйелдерде мерзімінен бұрын босану профилактикасы.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде арахиске немесе сояға аса жоғары сезімталдық реакциясы
- тромбозға бейімділік, флебиттің немесе тромбоэмболиялық аурулардың жедел түрлері
- бассүйек ішіне қан құйылу немесе анамнезінде осы жағдайлардың/аурулардың
бар болуы
- жыныс жолдарынан генезі айқындалмаған қан кету
- аяқталмаған аборт
- порфирия
- сүт бездері мен жыныс мүшелерінің анықталған немесе күмән туындататын қатерлі жаңа түзілімдері
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)
- лактация кезеңі
Дозасы
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдану әдісі - тамақ ішуден тыс жеткілікті мөлшердегі сумен капсулаларды қабылдау.
Қынаптық қолдану жолы - капсуланы қынапқа терең енгізу
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Күніне 2 рет, таңертең және кешке қолданылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы мен дозасы қолданылуына нақты көрсетілімге байланысты.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.