Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
валсартан 80 мг, гидрохлоротиазид 12,5 мг (80 мг/12,5 мг)
валсартан 160 мг, гидрохлоротиазид 12,5 мг (160 мг/12,5 мг)
валсартан 160 мг, гидрохлоротиазид 25 мг (160 мг/25 мг)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий кроскармеллозасы, повидон К25, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
үлбірлі қабық: гипромеллоза 2910, титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000, темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172) (80 мг/12,5 мг және 160 мг/25 мг доза үшін)
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді заттарға, сульфонамидтер туындыларына немесе қосалқы заттардың кез келгеніне аса сезімталдық
- туа біткен ангионевроздық ісінуі немесе алдыңғы АӨФ ингибиторымен немесе II ангиотензин рецепторларының антагонистімен емдеу кезінде ангионевроздық ісінуі дамыған пациенттерге
- жүктілік және баланы емізу кезеңі
- билиарлы цирроз немесе холестаз
- анурия
- Вальсакор® Н препаратын қоса алғанда, ангиотензин рецепторларының блокаторларын (АРБ) немесе ангиотензин-алискирен ферменттің тежегіштерін (ААФи) және қант диабеті бар пациенттерде (1-ші және 2-ші типті) және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде ілеспе қолдану (СКФ <60 мл/мин) ("Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу" бөлімінің «Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы» ішкі бөлімін қараңыз).
Дозасы
Вальсакор® Н препаратының ұсынылған тәуліктік дозасы - 80 мг/12,5 мг мөлшерінде үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка болып табылады. Терапияның 3-4 аптасынан кейін артериялық қысымның жеткіліксіз төмендеуі кезінде Вальсакор® Н препаратымен 1 таблетка, 160 мг/12,5 мг тәуліктік дозада емдеуді жалғастыру талап етілуі мүмкін. Вальсакор® Н препаратын 160 мг/25 мг қабықпен қапталған 1 таблетканың тәуліктік мөлшерінде Вальсакор® Н 160 мг/12,5 мг препаратын қабылдау кезінде артериялық қысымның барабар төмендеуіне қол жеткізбеген пациенттерге ғана қолдану керек. Ең жоғары гипотензивті әсер терапияның 2-4 аптасынан кейін көрінеді.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны азайту қажет болуы мүмкін.
Гидрохлоротиазидтің болуына байланысты Вальсакор® Н бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (СКФ <30 мл/мин) және ануриясы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы пациенттерде (СКФ <10 мл/мин) немесе гемодиализдегі пациенттерде валсартанды қолдану тәжірибесі жоқ.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде дәрілік препараттың дозасын азайту талап етілуі мүмкін. Құрамында гидрохлоротиазидтің болуына байланысты Вальсакор® Н препараты бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолданылуы тиіс («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Валсартанның болуына байланысты Вальсакор® Н препараты бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар немесе бауырдың билиарлық циррозы және холестазы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.
Егде жастағы пациенттер
Егде пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді.
Балалар
Вальсакор® Н қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Вальсакор® Н тамақтануға қарамастан қабылдауға болады. Таблеткаларды сұйықтықты іше отырып, жұту керек.