Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар:
Atropa bella-donna D2 1.100 мг
Calcium carbonicum Hahnemanni D8 4.400 мг
Chamomilla recutita D1 1.100 мг
Plantago major D3 1.100 мг
Pulsatilla pratensis D2 2.200 мг
қосымша зат - қатты май.
Қолданылуы
Симптомдарды жеңілдету үшін кешенді ем құрамында:
- тұмау, жедел вирустық инфекция және жоғары температурамен және онсыз жоғары қозғыштықпен және уыттану синдромымен қатар жүретін басқа жай-күйлерде
- түйілу және қабыну сипатындағы жергілікті ауыруда: ішек шаншулары, метеоризм, кіші жастағы балаларда тістің жарып шығуы
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер мен балалар үшін бір реттік дозасы – ректальді 1 суппозиторийден.
Жедел өрбіген жағдайларда (жоғары температура, балаларда ішектің қатты түйіліп ауруы; қозғыштықпен және ауыру синдромымен қатар жүретін тістің жарып шығуы) Вибуркол® Н әрбір 30 минут сайын, бірақ 24 сағат ішінде 4 суппозиторийден асырмай 1 суппозиторийден, жағдайы жеңілдеген соң - күніне 2-3 рет 1 суппозиторийден ректальді тағайындайды.
Вибуркол® Н препаратының балаларға арналған ең жоғары дозасы бірінші күнінен 6 айлық жасына дейін - 1 суппозиторийден күніне 2 рет.
Кешенді емде:
Сәбилерге дәрігер кеңесінен кейін ғана тағайындалады.
6 жасқа дейін тәулігіне 1-2 суппозиторийден.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне ректальді 1-3 суппозиторийден.
12 жастан бастап тәулігіне 1-ден 4 суппозиторийге дейін тағайындалады.
Қолдану ұзақтығы 2 күннен 5-6 күнге дейін.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.