Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 г жақпамайдың құрамында
белсенді зат - интерферон альфа-2b 40000 ХБ,
қосымша заттар: альфа-токоферол ацетаты, сусыз ланолин, вазелин, шабдалы майы, кальций пантотенаты, натрий бензоаты, адамның альбумині, натрий ацетатының тригидраты, натрий хлориді, динатрий эдетат дигидраты, тазартылған су.
Дозасы
Тұмауды немесе ЖРВИ басқа түрлерін емдеу үшін мұрын жолдарының шырышты қабығына жақпамайды: 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға ұзындығы көп дегенде 0,5 см (2500 ХБ жуық) жақпамай жолағын; 2-ден 12 жасқа дейінгі балаларға ұзындығы көп дегенде 0,5 см (2500 ХБ жуық) жақпамай жолағын; 12-ден 18 жасқа дейінгі балаларға ұзындығы көп дегенде 1 см (5000 ХБ жуық) жақпамай жолағын жұқа қабатпен жағады.
Герпесті инфекцияда жақпамайды зақымданған ошаққа жұқа қабатпен жағады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат сыртқа және жергілікті қолданылады.
Жақпамайды жағуға аппликатор ретінде мақта тампонын пайдаланады.
Тұмауды және ЖРВИ басқа түрлерін емдеу үшін жақпамайды «Дозалау режимі» бөлімінде көрсетілген дозада мұрын жолдары шырышты қабығына жұқа қабатпен жағады. Жақпамайды жағудан кейін мұрын жолдары шырышты қабығына препараттың біркелкі таралуы үшін мұрын желбезегін уқалау қажет.
Герпесті инфекцияда жақпамайды зақымданған ошаққа жұқа қабатпен жағады.