Құрамы
1 г жақпамайдың құрамында:
белсенді заттар: 0,05 ТӘБ кәдімгі сұр жыланның құрғақ уы, 30 мг рацемиялық камфора, 30 мг шайырлы скипидары, 10 мг салицил қышқылы;
қосымша заттар: вазелин, цетостеарил спирті, қатты парафин, натрий цетилстеарилсульфаты, глицерол, натрий хлориді, тазартылған су.
Қарсы көрсетілімдер
Белсенді заттарға немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдығы.
Ойық жаралар мен терінің басқа да аурулары.
Өкпенің жедел туберкулезі.
Ми мен коронарлық қан айналымының бұзылуы.
Ангиоспазм туындауына бейімділік.
Бүйрек пен бауыр функциясының ауыр бұзылулары.
15 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Жақпамай сыртқа қолданылады. Тері бетінің көлеміне қарай ауыратын аймаққа кішкене аз мөлшерден 5-10 г (1-2 шай қасық) жақпамайды ауыру қарқынына қарай тәулігіне 1-2 реттен ауыру синдромы жойылғанға дейін жағады.
Егер жағдайы жақсармаса немесе Випросал В® жақпамайын қолданғаннан кейін нашарласа, дәрігерге қаралу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына байланысты.