Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат- 2,22 мг олопатадин гидрохлориді
(2 мг олопатадинге баламалы),
қосымша заттар: бензалконий хлориді, повидон К-29/32, сусыз натрий гидрофосфаты, натрий хлориді, дисодий эдетаты, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер
Визаллергол дәрілік препаратын зақымданған көзге (көздерге) күніне 1 рет 1 тамшыдан тамызады. Емдеу курсының ұзақтығы, қажет болған жағдайда 4 айға дейін созылуы мүмкін.
Балалар
Визаллергол препаратын 8 жастан асқан балаларда ересектердегідей бірдей дозада қолдануға болады
Енгізу әдісі және жолы
Көзге жергілікті қолдануға арналған
Препараттың микробтық контаминациясын болдырмау үшін құтының ұшын қабаққа, көз маңы аумағының терісіне және басқа беткейлерге тигізбеу керек. Препаратты қолданғаннан кейін қақпақты тығыз жабу керек.