Құрамы
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат - 0,50 мг тетризолин гидрохлориді;
қосымша заттар: глицерин 99,5%, гипромеллоза 2910, макрогол 400, бор қышқылы, динатрий фосфаты, натрий цитраты, калий хлориді, магний хлориді гексагидраты, натрий (S)-лактат ерітіндісі (50%), глицин, аскорбин қышқылы, декстроза моногидраты, поликсетоний хлориді (поликватерниум 42) (33% ерітінді), тазартылған су
Қолданылуы
Ересектер мен 2 жастан асқан балалар:
Түтін, шаң, хлорлы су, жарық, косметикалық құралдар, жанаспалы линзалар сияқты химиялық және физикалық факторлардың әсерінен конъюнктиваның ісінуі мен гиперемиясын (көздің қызаруы) қайтару үшін.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жабық бұрышты глаукома
- 2 жасқа дейінгі балалар
- мөлдір қабықтың эндотелийлі-эпителийлік дистрофиясы.
Дозасы
Ересектерге, жасөспірімдерге және 6 жастан асқан балаларға:
Дозасы зақымданған көзге (көздерге) күніне 2-3 рет 1-2 тамшыны құрайды.
Бұл дәрілік препаратты симптомдарды жеңілдету үшін қажет ең қысқа уақыт ішінде қолдану керек.
Балалар жасындағы пациенттер
Препаратты 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларға медицина қызметкерімен кеңескеннен кейін қолдануға болады.
Визин® Комфорт препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі қазіргі кезде 0-ден 2 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ. Деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Көзге қолдануға арналған.
Қақпағын ашқаннан кейін құтыны төңкеріп, содан кейін ұшынан көзге тигізіп алмай, 1 немесе 2 тамшыны көзге түсетіндей етіп аздап сығу керек. Ерітіндіні ластамау үшін құтының ұшы қақпақтан басқа ештеңеге тиіп кетпеуі керек.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.