Құрамы
100 г препараттың құрамында
белсенді зат - 1,16 г диклофенак диэтиламині
(1,00 г диклофенак натрийіне баламалы)
қосымша заттар: карбомерлер (карбопол 974 Р), макрогол цетостеарил эфирі (цетомакрогол 1000), кокоил каприлокапраты (цетиол ЛС), диэтиламин, изопропил спирті, сұйық парафин, минерал майы (сұйық ауыр парафин), хош иісті крем 45, пропиленгликоль (1,2-пропиленгликоль дистилденген), тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу:
- тері жабындарының бүтіндігі бұзылуынсыз сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (соның ішінде спортпен айналысқанда болатын) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), спорттық жаттығулардан немесе жазатайым оқиғадан туындаған арқадағы созылулардан және ауырсынудан
- ревматизмнің оқшауланған түрлерінде: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартриттер
- теріге жақын орналасқан шеткері буындардың остеоартрозы кезінде (мысалы, тізе немесе саусақтар).
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолданған кезде бронх демікпесі ұстамаларының, ангионевроздық ісінудің, есекжемнің немесе жедел риниттердің туындауына бейімділік (мысалы, ибупрофен)
- жүктіліктің 3 триместрі
- 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Сыртқа.
Ересектерге, жасөспірімдерге және 12 жастан асқан балаларға дененің ауырған бөліктеріне теріге жеңіл ысқылай отырып күніне 3-4 рет.
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.