Артқа
ЗИОМИЦИН 500мг №3 таблетки

ЗИОМИЦИН 500мг №3 таблетки

9:00-ден кейін қолжетімді

1 960 ₸ бастап

Себеттегі баға өзгеруі мүмкін

Азитромицин

Appteka сервисі

45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз

Сипаттамалары

  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд

Балама тауарлар

Нұсқаулық

Құрамы

Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 262,03 мг азитромицин дигидраты 250 мг азитромицинге баламалы немесе 524,05 мг азитромицин дигидраты 500 мг азитромицинге баламалы, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 101), натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, повидон (К 90), тазартылған тальк, магний стеараты, изопропил спирті, тазартылған су Opadry 04B520005 сары қабығы: (гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол/PEG 400, темірдің (III) сары тотығы Е172)

Қолданылуы

ЗИОМИЦИН® белгілі немесе бір немесе бірнеше сезімтал микроорганизмдерден туындаған келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады: - бронхитте - ауруханадан тыс пневмонияда - гайморитте - фарингитте/тонзиллитте - ортаңғы құлақтың отитінде - тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae тудырған асқынбаған жыныстық инфекцияларда Бактерияға қарсы дәрілерді пайдалануға қатысты ресми нұсқауларды қарастыру керек.

Қарсы көрсетілімдер

- азитромицинге, эритромицинге, кез келген макролидке немесе кетолидтік антибиотикке немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - жүктілік және бала емізу кезеңі

Дозасы

ЗИОМИЦИН® таблеткаларын күнделікті бір реттік доза ретінде тағайындау керек. Ішке тамаққа дейін 1 сағат бұрын немесе тамақтанғаннан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Дене салмағы 45 кг асатын балалар және ересектер, егде жастағы пациенттерді қоса ЗИОМИЦИН® препаратының жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн бойы тағайындау керек (күніне бір рет 500 мг). Chlamydia trachomatis туғызған, гениталийдің асқынбаған инфекциялары кезінде дозасы бір реттік пероральді дозасы түрінде 1000 мг құрайды. Сезімтал Neisseria gonorrhoeae гонококктары үшін ұсынылатын дозасы жергілікті клиникалық емдеу ұсынымдарына сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілген 1000 мг немесе 2000 мг азитромицинді құрайды. Пенициллинге және / немесе цефалоспориндерге аллергиядан зардап шегіп жүрген пациенттер үшін, жергілікті емдеу ережелерімен танысып шығу керек. Педиатриялық тәжірибеде Дене салмағы 45 кг дейінгі балаларда: ЗИОМИЦИН® таблеткалары дене салмағы 45 кг дейінгі балаларда қолданылмайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы адамдар: Егде жастағы адамдарда ересектердегідей дозасы қолданылады. Егде жастағы пациенттер арасында жүрек аритмияларына бейімділік жиі байқалатындықтан, жүрек аритмиялары мен «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауы қаупіне байланысты, ерекше сақтық таныту қажет. Бүйрек функциясының бұзылулары: Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа дәрежелі бұзылулары бар (ШСЖ 10–80 мл/мин) пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Азитромицинді бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (ШСЖ <10 мл/мин) пациенттерде тағайындағанда сақтық таныту қажет. Бауыр функциясының бұзылулары: Бауыр функциясының ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бұзылулары (Чайлд–Пью шкаласы бойынша А немесе В класы) бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, бауырдың елеулі аурулары бар пациенттерде азитромицинді сақтықпен қолдану керек. Пациенттердің аталған санаттарында азитромициннің қолданылу зерттеулері жүргізілмеді. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды ішке қабылдайды, оларды тұтастай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.