Құрамы
Дәрілік препарат құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат –
цефуроксим аксетилі 300.715 мг 601.43 мг
(цефуроксимге баламалы) (250.0) (500.0)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, коллоидты кремнийдің қостотығы, кальций стеараты, кальций карбонаты, кросповидон.
Қабықтың құрамы Opadry blue 03H50807: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), пропиленгликоль, FD&C көк бояғышы №1.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдер тудыратын инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу:
- жедел стрептококктық тонзиллит және фарингит
- жедел бактериялық синусит
- жедел ортаңғы отит
- созылмалы бронхиттің өршуі
- цистит
- пиелонефрит
- терінің және жұмсақ тіндердің асқынбаған инфекциялары
- Лайм ауруының ерте сатылары
Бактерияға қарсы заттарды дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды қарастыру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнездегі аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары (мысалы, анафилаксиялық реакциялар) кез келген түрдегі бета-лактамды бактерияға қарсы дәрілерге (пенициллиндер, монобактамдар және карбапенемдер)
- анамнезінде асқазан-ішек аурулары және қан кетудің болуы
Дозасы
Дозалану режимі
Ересектер
Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.
Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.